KASE кешкі сессиясы: АҚШ доллары - 147/85/148,06 теңге

МАТЫ. 16 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT) KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.
None
None

Бүгін АҚШ-та Қарттар күні тойланатындықтан USDKZT_TOM және EURUSD_TOM есептерімен KASE жүргізілген жоқ. Саудаға KASE-нің 10 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 147,85 теңгені, ал сауда көлемі - 16 800 мың АҚШ долларын құрады.

Т+2 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 148,06 теңгені, ал сауда көлемі - 30 000 мың АҚШ долларын құрады.

Т+1 және Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларында сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар