17:40, 17 Қараша 2011 | GMT +5
KASE кешкі сессиясы: АҚШ доллары - 148,00/148,09 теңге
АЛМАТЫ. 17 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT) KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.
Бүгін АҚШ-та Қарттар күні тойланатындықтан USDKZT_TOM және EURUSD_TOM есептерімен KASE жүргізілген жоқ. Саудаға KASE-нің 9 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 148,09 теңгені, ал сауда көлемі - 19 000 мың АҚШ долларын құрады.
Т+2 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 148,00 теңгені, ал сауда көлемі - 10 000 мың АҚШ долларын құрады.
Т+1 және Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларында сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.