17:28, 09 Қараша 2011 | GMT +5
KASE кешкі сессиясы: АҚШ доллары - 148,01 теңге
МАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT) KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.
Бүгін АҚШ-та Қарттар күні тойланатындықтан USDKZT_SPT EURUSD_SPT есептерімен KASE жүргізілген жоқ. Саудаға KASE-нің 12 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 140,01 теңгені, ал сауда көлемі - 48 000 мың АҚШ долларын құрады.
Т+1 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларында сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларында сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.