17:20, 10 Қараша 2011 | GMT +5
KASE кешкі сессиясы: АҚШ доллары - 148,13 теңге, еуро - 200,50 теңге
МАТЫ. 10 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT) KASE-нің кешкі сауда сессиясы аяқталды.
Бүгін АҚШ-та Қарттар күні тойланатындықтан USDKZT_TOM және EURUSD_TOM есептерімен KASE жүргізілген жоқ. Саудаға KASE-нің 10 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 теңге есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 148,13 теңгені, ал сауда көлемі - 63 500 мың АҚШ долларын құрады.
Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен орташа бағам 200,50 теңгені, сауда көлемі 500 мың еуроны құрады.
Т+2 есептерімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларында сауда жасалмады. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.