20:02, 24 Желтоқсан 2013 | GMT +5
KASE кешкі сессиясы: АҚШ доллары 153,98 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE): есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOM) кешкі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Бүгін биржада 25 желтоқсан АҚШ-та, Ұлыбританияда және Германияда (Christmas Day) мереке күні болғандықтан USDKZT_TOM, EURKZT_TOM,
EURUSD_TOM, EURKZT_SPT және EURUSD_SPT сауда-саттық өткізілген жоқ. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 13 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+2 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 153,98 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 30 600 мың АҚШ доллары.