KASE кешкі сессиясы: АҚШ доллары 153,99 теңгеге тең

АЛМАТЫ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE): есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOM), есептесуі Т+1 теңгемен еуро бойынша (EURKZT_TOM), есептесуі Т+1 АҚШ долларымен еуро бойынша (EURUSD_TOM) кешкі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
None
None

Бүгін биржада 25 желтоқсан АҚШ-та, Ұлыбританияда және Германияда (Christmas Day) мереке күні болғандықтан USDKZT_SPT, EURKZT_SPT және EURUSD_SPT сауда-саттық өткізілген жоқ. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 17 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 153,99 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 57 600 мың АҚШ доллары. Есептесуі T+1 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Соңғы жаңалықтар