KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 148,35/148,37 теңге

деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.
Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) жасалды.
Т+1 есебімен АҚШ доллары бойынша мәміле жасалмады, сессия жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 АҚШ доллары үшін 148,35/148,37 теңге болды.
Т+2 есептерімен АҚШ доллары бойынша теңгемен сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.
Т+1 есептері бойынша еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Т+2 есептері бойынша еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де 1 доллар үшін 148,35/148,45 теңгені құрады.