KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,23 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 3 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+1 есебімен теңгемен (USDKZT_ TОМ), еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен  (EURKZT_ TОМ),
None
None

еуро бойынша Т+1 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TОМ),  АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен (EURKZT_SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.

Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 9 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,23 теңге болды.

АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабыларда бір АҚШ доллары үшін сұраным 150,10 теңгені, ұсынысы - 150,30 теңгені құрады.

Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар