KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,53 теңгені құрады

  АЛМАТЫ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен,  (EURKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.
None
None

Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 13 мүшесі, қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,53 теңге, сауда көлемі 3 900 АҚШ доллар болды.

АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,45 теңге, сауда көлемі 11 000 АҚШ доллар болды

Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар