17:40, 07 Наурыз 2013 | GMT +5
KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,79 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен, (EURKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.

Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 8 мүшесі, қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,79 теңге болды.
АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен соңғы мәміле жасалған жоқ.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.