18:11, 14 Наурыз 2013 | GMT +5
KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,82 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен, (EURKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.

Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 11 мүшесі, қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін ұсыныс 150,82 теңге, сауда көлемі 35 000 мың АҚШ доллар болды.
АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен соңғы мәміле 1 доллар үшін ұсыныс 150,40 теңге, сұраныс 150,86 теңге болды.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.