18:11, 26 Желтоқсан 2013 | GMT +5
KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 153,79 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+1 есебімен теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOM), Т+1 есебімен еуромен теңгеде (EURKZT_TOM),Т+1 есебімен еуромен АҚШ долларында (EURUSD_TOM) кешкі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_ SPT, EURKZT_ SPT және EURUSD_ SPT бойынша кешкі сада 2013 жылғы 28 желтоқсандағы, сенбідегі демалыс күні 2014 жылдың 3 қаңтарына ауыстырылуына байланысты KASE-де сауда өткізілген жоқ.
Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі, қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 есебімен теңгеде АҚШ долларының орташа бағамы 1 АҚШ доллары үшін 153,79 теңгені құрады.
Еуро бойынша Т+1 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.