18:14, 25 Желтоқсан 2013 | GMT +5
KASE кешкі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 154,09 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+1 есебімен теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOM), АҚШ доллары бойынша Т+2 есебімен теңгемен (USDKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен, (EURKZT_ SPT), еуро бойынша Т+2 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ SPT) кешкі сауда сессиясы өтті.

EURKZT_TOM, EURUSD_TOM бойынша сауда бүгін KASE-де 26 желтоқсанда Ұлыбританияда және Германияда мерекелі күн (Christmas Day) болуымен байланысты өткізілген жоқ.
Саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
Т+1 есебімен теңгеде АҚШ долларының орташа бағамы 1 АҚШ доллары үшін 154,09 теңгені, сауда көлемі - 94 800 мың АҚШ долларын құрады.
Т+2 есебімен теңгеде АҚШ долларының орташа бағамы 1 АҚШ доллары үшін 153,98 теңгені, сауда көлемі - 5 000 мың АҚШ долларын құрады.
Еуро бойынша Т+2 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.