KASE кешкі сессиясының қорытындысы: доллар США - 148,25 теңге

АЛМАТЫ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күні, қаңтардың 5-сінде кешкі сауда сессиясы аяқталды, оған KASE-нің «В» санатындағы 3 мүшесі қатысты,
None
None

деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Кешкі сауда сессиясы АҚШ доллары бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (USDKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен теңгемен (EURKZT_TOM), еуро бойынша Т+1 есептерімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOM) жасалды.

USDKZT_SPT, EURKZT_SPT және EURUSD_SPT бойынша сауда KASE-де бүгін қаңтардың 7-сі Қазақстанда мерекелі күн - Рождество мерйрамы болуына байланысты және демалыс күні жексенбіден, қаңтардың 10-ынан жұма күніне, қаңтардың 8-іне ауыстырылуына байланысты өткізілмеді.

Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 148,25 теңгені құрап, сауда көлемі 8 800 мың АҚШ доллары болды.

Т+1 есептерімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалмады, Сессияның жабылуындағы баға белгіленімі болған жоқ.

Т+2 есептері бойынша еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен сауда жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де 1 доллар үшін 148,20/148,30 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар