KASE: қор нарығында доллар бағамы тұрақты
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы өзгерген жоқ.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 538,03 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 537,96 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 538,68 теңгеден сатып алынады, 540,54 теңгеден сатылады. Еуро 623,14 — 632,38 теңге, ал рубль 6,67 — 6,78 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 536,70 теңгеден сатып алынады, 543,70 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 622,70 теңге, сату — 632,70 теңге;
— рубль: сатып алу 6,71 теңге, сату — 6,82 теңге.
Еске салайық, 13 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,08 теңгеге арзандап, 537,96 теңге болды.