KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары 307,10 теңге

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 307,10 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 53 700 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ долларының (USDKZT_TOM) орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 307,30 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 1 000 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі T+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, T+1 және T+2 АҚШ долларымен еуроның (EURUSD_TOM) орташа сараланған бағамы бір еуроға 1,0600 АҚШ долларын құрады, сауда-саттық көлемі 1 250 мың еуро болды;
- есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемене еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда- саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублі (RUBKZT_TOD) бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәттегі баға белгілеулер бір Ресей рубліне 4,6620 / 4,6720 теңгені құрады.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 307,12 теңгені (-0,08) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 152 200 мың USD (-87 450 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған бағам +0,2500 теңгені (жылдық 29,44 % ) құрады, сауда-саттық 687 300 мың USD;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Сауда-саттыққа 27 банк қатысты.