KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары 338,65 теңге

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
None
None

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша  орташа сараланған бағамы 338,65 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі  39 350 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер  жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде  баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 теңгемен және АҚШ долларымен еуро  бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE  сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,3025 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 27 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 338,35 теңгені (-0,16 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 61 400 мың USD (+6 400 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,0395 %  құрады, сауда-саттық көлемі - 88 600 мың АҚШ долларын құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,0000 %  құрады, сауда-саттық көлемі - 23 000 мың АҚШ долларын құрады.

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған  жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға  белгілеулер болған жоқ

Сауда-саттыққа 24 банк қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар