KASE күндізгі сессиясы: АҚШ долларының құны 335,27 теңге

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 335,27 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 51 500 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,2150 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 65 000 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 335,89 теңгені(-2,70 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 92 100 мың USD (+3 200 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 орташа сараланған кірістілігі +13,3270 % сауда-саттық көлемі 134 500 мың USD құрады;
- USDKZT_0_002 орташа сараланған кірістілігі +13,2083 %, сауда-саттық көлемі 66 000 мың USD құрады;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.
Сауда-саттыққа 25 банк қатысты.