KASE күндізгі сессиясы: доллар 340,50 теңгеге тең

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
None
None

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 340,50 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі

124 600 мың АҚШ доллары;

- есептесуі T+1 және Т+2 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және T+2 АҚШ долларымен және теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда- саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 4,6389 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 45 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 340,27 теңгені (+1,17) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 234 100 мың USD (-50 150 мың).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа сараланған бағам +3,7100 теңге (жылдық (79,62 %, сауда-саттық көлемі 706 000 мың USD құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Сауда-саттыққа 24 банк қатысты.

Соңғы жаңалықтар