KASE күндізгі сессиясы: USDKZT_TOD - 146,45/146,48
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 20 мүшесі, своп-нарықта - 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 146,47 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 110 500 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 146,45/146,48 теңге.
Спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,7268 теңге, сауда көлемі 7 800 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағам +0,01 теңге, сауда көлемі 70 000 мың USD; сессия жабылуында сұраныс бағасы 0,00 теңге, ұсыныс - 0,00 теңгені құрады.
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 35 000 мың USD болды.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.