KASE күндізгі сессиясының қорытындысы - 1 доллар үшін 149,23/149,50 теңге

АЛМАТЫ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+0 (EUR_TOD) есептері бойынша еуромен және T+0 (RUB_TOD) есептерімен рубльдің күндізгі саудасы өтті.
None
None
Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің 4 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап. Т+0 есебімен еуромен де мәмілелер жасалған жоқ, Сессия сұраныс бір еуро үшін 189,45 теңге болды, бірақ ұсыныс болған жоқ. Т+0 есебімен Ресей рублінің орташа бағамы 1 рубль үшін 4,2927 теңге, сауда көлемі 13 000 мың рубль болды.Бүгін KASE-де Т+0 (USD_TOD) есебімен АҚШ долларымен сауда АҚШ-та мерекелі күн болуына байланысты (Джордж Вашингтонның туған күні) өткізілген жоқ.REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 149,23/149,50 теңгені құрады.
Соңғы жаңалықтар