KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: 146,94/146,96 теңге, рубль - 5,0312 теңге

АЛМАТЫ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002,) күндізгі сауда сессиясы өтті.
None
None

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 валюталық своп операциялары бүгін сәуірдің 2-сі және сәуірдің 5-і ГФР мен Ұлыбританияда демалыс күндері (діни мерйам) болуына байланысты өткізілмеді. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 17 мүшесі, своп-нарықта - 5 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 146,95 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 51 400 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 146,94/146,96 теңге.

Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 5,0312 теңге, сауда көлемі 14 000 мың рубль болды.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағам 0,00 теңге, сауда көлемі 12 000 мың USD; сессия жабылуында сұраныс бағасы +0,01 теңге, ұсыныс -0,01 теңгені құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 102 000 мың USD болды.

Соңғы жаңалықтар