KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: 148,16/148,19 теңге, евро - 212,90 теңге

- АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен(USDKZT_TOD),
- еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD),
- еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD),
- валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_002, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. USDKZT_0_001 және EURKZT_0_001 валюталық своп операциялары бүгін KASE-де қаңтардың 7-сі Қазақстанда Рождество мейрамы болуына байланысты өткізілген жоқ. Т+0 есептері бойынша рублімен Ресейде демалыс күндері болуына байланысты Ресей рублімен қаңтардың 11-іне дейін сауда өткізілмейді. Сәрсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 18 мүшесі, своп-нарықта - 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,17 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 135 225 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 148,16/148,19 теңге.
Спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен еуроның орташа бағамы 1 еуро үшін 212,90 теңге, сауда көлемі 600 мың еуро;
- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуромен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_002 орташа бағам 0,00 тенге, сауда көлемі 160 000 мың доллар; сессия жабылуында сұраныс бағасы +0,01 теңге, ұсыныс 0,00 теңгені құрады.
- по EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 148,17/148,22 теңгені құрады.