KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 146,37/146,42 теңге, еуро - 197,80 теңге, рубль - 5,0051 теңге
еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_00_02, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 24 мүшесі, своп-нарықта - 9 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 146,39 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 110 850 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 146,37/146,42 теңге болды.
Еуро спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде сұраныстың жоқтығынан, еуро үшін ұсыныс 197,80 теңгені құрады.
- Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
- Т+0 есебінде теңгеде Ресей рублінің орташа бағамы 5,0051 теңге, сауда көлемі 23 100 мың рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 43 000 мың АҚШ долларын құрады.
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 43 000 мың АҚШ долларын құрады.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.