KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 146,40/146,41 теңге, еуро - 200,33 теңге, рубль - 4,9964 теңге

АЛМАТЫ. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен,
None
None

(EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_00_02, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі, своп-нарықта - 9 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 146,40 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 238 700 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 146,40/146,41 теңге болды.

Еуро спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен теңгемен еуро бойынша орташа бағам 200,33 теңгені, сауда көлемі 800 мың еуроны құрады.

- Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- Т+0 есебінде теңгеде Ресей рублінің орташа бағамы 4,9964 теңге, сауда көлемі 17 800 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы -0,01 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 25 000 мың АҚШ долларын құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы -0,01 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 94 000 мың АҚШ долларын құрады.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар