KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 146,42/146,44 теңге, еуро - 200,20 теңге, рубль - 5,0160 теңге

АЛМАТЫ. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен,
None
None

(EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_00_02, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі, своп-нарықта - 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 146,45 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 355 200 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 146,42/146,44 теңге болды.

Еуро спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен еуро бойынша теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде сұраныстың жоқтығынан ұсыныс еуро 200,20 теңгені құрады.

- Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- Т+0 есебінде теңгеде Ресей рублінің орташа бағамы 5,0160 теңге, сауда көлемі 2 100 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы -0,01 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 62 000 мың АҚШ долларын құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы -0,01 теңгені, сессияның жабылуында сауда көлемі 58 000 мың АҚШ долларын құрады.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар