KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,65/147,68 теңге, рубль - 4,7838 теңгені құрады

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі, своп-нарықта - 10 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,68 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 44 700 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 147,65/147,68 теңге болды.
Еуро спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен еуромен теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
- Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 4, 7838 теңгені, сауда көлемі 10 700 мың рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы + 0,00 теңгені, сауда көлемі 40 000 мың АҚШ долларын құрады.
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы + 0,01 теңгені, сауда көлемі 90 000 мың АҚШ долларын құрады.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.