KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,70/147,73 теңге, еуро - 199,20 теңге, рубль - 4,6146 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD),
None
None

еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_00_02, EURKZT_0_002, EURKZT_0_001) күндізгі сауда сессиясы өтті. USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 23 мүшесі, своп-нарықта - 9 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,72 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 70 450 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 147,70/147,73 теңге болды.

Еуро спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен еуромен теңге бойынша орташа бағам 199,20 теңгені, сауда көлемі 15 000 мың еуроны құрады.

- Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 4,6146 сауда көлемі 10 100 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,02 теңгені, сауда көлемі 121 000 мың АҚШ долларын құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,03 теңгені, сауда көлемі 30 000 мың АҚШ долларын құрады.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар