KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 147,81/147,83 теңге, рубль - 4,6952 теңгені құрады

None
None
АЛМАТЫ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_00_02, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Жұма күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 25 мүшесі, своп-нарықта - 11 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,83 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 63 600 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 147,81/147,83 теңге болды.

Еуро спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен еуромен теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 4,6952 теңгені, сауда көлемі 6 800 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы + 0,01 теңгені, сауда көлемі 17 000 мың АҚШ долларын құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені, сауда көлемі 55 000 мың АҚШ долларын құрады.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар
telegram