KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148, 10/148,12 теңге, рубль - 4,6380 теңгені құрады
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болып табылады. Бейсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,12 теңге, сауда көлемі -75 мың АҚШ доллары (-114 300 мың USD) болды. Сессия жабылар кезде үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 148,10/148,12 теңге болды.
Еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 4, 6380 теңгені, сауда көлемі 32 500 мың рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы + 0,02 теңгені, сауда көлемі 106 000 мың АҚШ долларын құрады.
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,06 теңгені, сауда көлемі 50 000 мың АҚШ долларын құрады.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.