KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 148,17/148,19 теңге, еуро - 193,00 теңге, рубль - 4,6523 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD),
None
None

еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_00_02, EURKZT_0_002, EURKZT_0_001) күндізгі сауда сессиясы өтті. USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі, своп-нарықта - 11 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,19 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 124 800 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 148,17/148,19 теңге болды.

Еуро спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен еуро бағамы 193,00 теңгені, сауда көлемі 200 мың еуроны құрады.

- Т+0 есептерімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 4,6523 теңгені, сауда көлемі 20 300 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,02 теңгені, сауда көлемі 66 000 мың АҚШ долларын құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ , сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі +0,03 теңгені, баға белгіленімі 0,00 теңгені құрады.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар