KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 148,19/148,20 теңгені, рубль - 4,8932 теңгені құрады

МАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, EURKZT_0_002, EURKZT_0_001) күндізгі сауда сессиясы өтті.
None
None

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. 11 қарашада АҚШ-та қарттар күні атап өтілетіндіктен USDKZT_00_02-де KASE жүргізілген жоқ. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі, своп-нарықта - 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,20 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 179 700 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 148,19/148,20 теңге болды.

Еуро спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен еуромен теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- Т+0 есептерімен еуро бойынша АҚШ долларымен бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Т+0 есептерімен Ресей рублінің бағамы 4,8932 теңгені, сауда көлемі 24 000 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы 0,00 теңгені, сауда көлемі 29 400 мың АҚШ долларын құрады.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында сауда кқлемі 5 000 АҚШ долларын құрады.

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар