KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 149,48/149,50 теңгені, рубль - 4,6003 теңгені құрады

Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD и EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін KASE-де USDKZT_0_001 валюталық своп операциялары 2012 жылғы 4 шілдеде АҚШ-ғы мерекелік күнге (Тәуелсіздік күні) байланысты жасалған жоқ. Сейсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 24 мүшесі, своп нарықта - 15 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 149,48 теңге, сауда көлемі 67 600 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 149,48/149,50 теңгені құрады.
Еуро спот-нарықта:
- еуро бойынша Т+0 есептерімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;
- еуро бойынша Т+0 есептерімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;
- Ресей рублінің T+0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,6003 теңге, сауда көлемі 81 000 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені, сауда көлемі 288 000 мың АҚШ долларын құрады;
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.