KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,30/150,31 теңгені, рубль - 4,8669 теңгені құрады

Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін KASE-де USDKZT_0_002 бойынша валюталық своп операциялары АҚШ-та 8 қазан - Колумб мерекесіне байланысты жүргізілмеді.
Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі, своп нарықта - 15 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,31 теңге болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 150,30/150,31 теңгені құрады.
Еуро спот-нарықта: еуро бойынша Т+0 есептерімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; еуро бойынша Т+0 есептерімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;
Ресей рублінің T+0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,8669 теңгені құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,02 теңгені құрады; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.