KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 150,38/150,40 теңгені, рубль - 4,9001 теңгені құрады

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 25 мүшесі, своп нарықта - 12 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 150,39 теңге болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 150,38/150,40 теңгені құрады.
Еуро еуро бойынша Т+0 есептерімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; еуро бойынша Т+0 есептерімен АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;
Ресей рублінің T+0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,9001 теңгені құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,01 теңгені құрады; USDKZT_0_002 бойынша орташа бағамы +0,02 теңгені құрады; EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ; EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.