KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары - 153,75/153,80 теңгені, рубль - 4,7076 теңгені құрады

Еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD), EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 валюталық своп операцияларымен 26 желтоқсан Ұлыбританияда жәене Германияда мерекелі күн болуына байланысты KASE-де сауда саттық өткізілген жоқ.
Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 21 мүшесі, своп нарықта - 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 153,78 теңге, сауда көлемі 130 600 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі - 1 доллар үшін 153,75/153,80 теңгені құрады.
Ресей рублі бойынша Т+0 есептерімен теңгемен орташа бағамы бір рубль үшін 4,7076 теңгені, сауда көлемі 102 000 мың рубльді құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,05 теңгені, сауда көлемі 562 500 мың USD; USDKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.