KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,25/147,26 теңге, еуро - 188,20 теңге, рубль - 4,8004 теңге

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
None
None

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 22 мүшесі, своп-нарықта - 5 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,25 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 303 700 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін - 147,25/147,26 теңге болды.

Спот-нарықта:

- еуроның орташа бағамы Т+0 есептерімен теңге бойынша 188,20 теңгені құрады.

- еуро бойынша Т+0 есептерімен АҚШ долларымен мәміле жасалған жоқ, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы 4,8004 теңгені, сауда көлемі 28 500 мың рубльді құрады.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағам 0,00 теңгені, сауда көлемі 110 000 мың АҚШ долларын құрады; сессия жабылуында сұраныс бағасы +0,01 теңге, ұсыныс 0,00 теңгені құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам 0,00 теңге, сауда көлемі 220 000 мың USD болды, сессия жабылар кезде сұраныс бағасы +0,01 теңгені, ұсыныс бағасы 0,00 теңгені құрады;

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

- EURKZT_0_002 бойынша да мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар