KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,29/147,32 теңге, еуро - 191,80 теңге, рубль - 4,7629 теңге

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
None
None

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 18 мүшесі, своп-нарықта - 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,32 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 114 100 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,29/147,32 теңге.

Спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен баға белгіленімі болған жоқ, сессия жабылар кездегі еуроның орташа бағамы 1 еуро үшін 191,80 теңгені құрады;

- Т+0 есептерімен АҚШ долларында баға белгіленімі болған жоқ, сессия жабылар кезде KASE жүйесі бойынша сауда жасалмады.

Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,7629 теңге, сауда көлемі 33 400 мың рубль болды.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша баға белгіленімі болған жоқ; сессия жабылуында сұраныс бағасы +0,01 теңге, ұсыныс -0,00 теңгені құрады.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 63 000 мың USD болды, сессия жабылар кезде сұраныс +0,02 теңге, ұсынысы 0,00 теңгені құрады.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар