KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,37/147,40 теңге, рубль - 4,7446 теңге

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 18 мүшесі, своп-нарықта - 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,40 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 247 400 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,37/147,40 теңге.
Спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,7446 теңге, сауда көлемі 15 500 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағам +0,01 теңге, сауда көлемі 4 000 мың USD; сессия жабылуында сұраныс бағасы +0,02 теңге, ұсыныс -0,00 теңгені құрады.
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 57 000 мың USD болды.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.