KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,43/147,46 теңге, евро - 201,70 теңге

АЛМАТЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.
None
None

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 16 мүшесі, своп-нарықта - 4 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,43 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 137 705 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,43/147,46 теңге.

Спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен еуроның орташа бағамы бір еуро үшін 201,70 теңгені құрады, сауда көлемі 5 080 мың теңге болды. бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа бағам -0,01 теңге, сауда көлемі 13 000 мың доллар; сессия жабылуында сұраныс бағасы 0,00 теңге, ұсыныс -0,01 теңгені құрады.

- USDKZT_0_002 орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 35 000 мың USD болды.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.

2010 жылғы ақпанның 22-сі және 23-і Ресей Федерациясында мерекелі күн болуына байланысты (Отан қорғаушылар күні) Ресей рублімен Т+0 есебімен (RUBKZT_TOD) сауда өткізілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар