KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,44/147,48 теңге, рубль - 4,7587 теңге

None
None
None

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD), еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD), Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен (RUBKZT_TOD), валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001, USDKZT_0_002, EURKZT_0_001, EURKZT_0_002) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 21 мүшесі, своп-нарықта - 5 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,47 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 132 200 мың АҚШ доллары болды, ал сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,44/147,48 теңге болды.

Спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен баға белгіленімі болған жоқ, сессия жабылар кездегі еуроның орташа бағамы белгіленбеді.

- Т+0 есептерімен АҚШ доллары бойынша баға белгіленімі бір еуро үшін 1,3299 АҚШ долларын, сауда көлемі 100 мың еуроны құрады.

Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,7587 теңге, сауда көлемі 42 100 мың рубль болды.

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы белгіленімі 0,00 теңгені, сауда көлемі 100 000 мың долларды құрады. Сессия жабылар кезде сұраныстың бағасы +0,01 теңге, ал ұсыныс бағасы 0,00 теңге болды.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 62 000 мың USD болды, сессия жабылар кездегі сұраныс бағасы- +0,01 теңге, ұсыныс бағасы- 0,00 теңге.

- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,

- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға

Соңғы жаңалықтар