KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: доллар - 147,63/147,65 теңге, еуро - 186,70 теңге, рубль - 4,7850 теңге

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. Бүгін саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 21 мүшесі, своп-нарықта - 6 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 147,64 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 43 600 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 147,63/147,65 теңге.
Спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен теңгемен мәміле жасалған жоқ, сессия жабылуында ұсыныс бір еуро үшін 186,70 теңгені құрады, бірақ сұраныс болған жоқ.
- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуро бойынша мәмілелер жасалмады, сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 есептерімен теңгеге шаққанда Ресей рублінің орташа бағамы Ресейдің 1 рублі үшін 4,7850 теңге, сауда көлемі 3 000 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағам 0,00 теңге, сауда көлемі 74 000 мың USD; сессия жабылуында сұраныс бағасы +0,01 теңге, ұсыныс -0,00 теңгені құрады.
- USDKZT_0_002 бойынша орташа бағам 0,00 теңге сауда көлемі 120 000 мың USD болды.
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.