KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: : доллар - 148,25/148,29 теңге, евро - 214,35 теңге

АЛМАТЫ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE)
None
None

- АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен(USDKZT_TOD),
- еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен, (EURKZT_TOD),

- еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD),

- валюталық своп операцияларымен (USDKZT_0_001EURKZT_0_001) күндізгі сауда сессиясы өтті.

USDKZT_TOD, EURKZT_TOD және EURUSD_TOD үшін бұл сессия қосымша болды. USDKZT_0_002 және EURKZT_0_002 валюталық своп операциялары бүгін Қазақстанда аңардың 7-сі мерекелі күн - Рождество мейрамы болуына және демалыс күні жексенбіден, қаңтардың 10-ынан жұма күніне, қаңтардың 8-іне ауыстырылуына байланысты өткізілген жоқ. Т+0 есебімен Ресей рублімен теңге бойынша сауда биржада қаңтардың 11-іне дейін Ресейде демалыс күндері болуына байланысты өткізілмейді. Сейсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «В» санатындағы 17 мүшесі, своп-нарықта - 7 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,525 теңге бағамында жасалды, сауда көлемі 155 140 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 148,25/148,29 теңге.
Спот-нарықта:

- Т+0 есептерімен еуроның орташа бағамы 1 еуро үшін 214,35 теңге, сауда көлемі 5 000 мың еуро;

- Т+0 есептерімен АҚШ долларында еуромен мәміле болған жоқ, Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.

Валюталық своп операциялапры нарығында:

- USDKZT_0_001 орташа бағам 0,00 тенге, сауда көлемі 186 000 мың доллар; сессия жабылуында сұраныс бағасы +0,01 теңге, ұсыныс -0,02 теңгені құрады.

- по EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ,

REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 148,23/148,33 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар