KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: Доллар - 148, 57 теңге

АЛМАТЫ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+0 (USD_TOD) есептері бойынша АҚШ долларымен, Т+0 (EUR_TOD) есептері бойынша еуромен және T+0 (RUB_TOD) есептерімен рубльдің күндізгі саудасы өтті.
None
None
Бұл сессия доллар үшін қосымша болды. Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап. Т+0 есебімен еурооның орташа бағамы 1 бірлік үшін 192,17 теңгені құрап, сауда көлемі 600 мың еуро болды. Ресей рублі бойынша мәмілелер жасалмады. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі бір рубль үшін 4,2650/4,2800 теңге болды. Спот-рынокта АҚШ доллары бойынша соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,57 теңге бағамында жасалды, сессия көлемі 138 700 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 148,50/148,57 теңге. REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 148,35/148,58 теңгені құрады.
Соңғы жаңалықтар