KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: Доллар - 148,95 теңге

АЛМАТЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+0 (USD_TOD) есептері бойынша АҚШ долларымен, Т+0 (EUR_TOD) есептері бойынша еуромен және T+0 (RUB_TOD) есептерімен рубльдің күндізгі саудасы өтті.
None
None
Бұл сессия доллар үшін қосымша болды. Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап. Т+0 есебімен ресей рублінің орташа бағамы 1 бірлік үшін 4,3270 теңгені құрап, сауда көлемі 1 900 мың рубль болды. Еуро рублі бойынша мәмілелер жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.Спот-рынокта АҚШ доллары бойынша соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,95 теңге бағамында жасалды, сессия көлемі 181 700 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 148,92/148,95 теңге. REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 148,95/149,07 теңгені құрады.
Соңғы жаңалықтар