16:51, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: Доллар ? 149,34 теңге
None
АЛМАТЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+0 (USD_TOD) есептері бойынша АҚШ долларымен, Т+0 (EUR_TOD) есептері бойынша еуромен және T+0 (RUB_TOD) есептерімен рубльдің күндізгі саудасы өтті. Бұл сессия доллар үшін қосымша болды. Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің 23 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап. Ресей рублінің орташа бағамы 1 бірлік үшін 4,1900 теңгені құрап, сауда көлемі 700 мың рубль болды. Т+0 есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалмады. Сессияның жабылуында баға белгіленімі болған жоқ.
Спот-рынокта АҚШ доллары бойынша соңғы мәміле 1 доллар үшін 149,34 теңге бағамында жасалды, сессия көлемі 75 530 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 149,30/149,35 теңге. REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 149,25/149,45 теңгені құрады.