17:20, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: Доллар ? 149,38 теңге
АЛМАТЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+0 (USD_TOD) есептері бойынша АҚШ долларымен, Т+0 (EUR_TOD) есептері бойынша еуромен және T+0 (RUB_TOD) есептерімен рубльдің күндізгі саудасы өтті.
Бұл сессия доллар үшін қосымша болды. Бүгінгі спот-рынок саудаға KASE-нің 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап. Т+0 есебімен Ресей рублі бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі бір бірлік үшін 4,1490/4,1640 теңгені құрады. Т+0 есебімен еуро бойынша орташа бағам бір бірлік үшін 187,25 теңгені құрап, сессия көлемі 1 300 мың еуро болды.
Спот-рынокта АҚШ доллары бойынша соңғы мәміле 1 доллар үшін 149,05 теңге бағамында жасалды, сессия көлемі 17 500 мың АҚШ доллары болды. Сессияның жабылуындағы үздік баға белгіленімі 1 доллар үшін 149,01/149,05 теңге. REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша 15 сағат 30 минөтте 1 доллар үшін 149,10/149,35 теңгені құрады.