KASE күндізгі сессиясының қорытындысы: рубль - 4,8482 теңгені құрады

Бүгін KASE-де АҚШ доллары бойынша Т+0 есебімен теңгемен (USDKZT_TOD) және еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) сауда АҚШ-ғы мерекеге (Колумб күні) байланысты өткізілмеді. USDKZT_TOM және EURUSD_TOM үшін 2012 жылғы 8 қазандағы аталған сессия негізгі болып табылады, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметінен.
Еуро спот-нарықта:
- Т+0 есептерімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
- Ресей рублінің T+0 есептерімен теңгемен орташа баға белгіленімі бір рубль үшін 4,8487 рубль, сауда көлемі 11 000 мың рубль болды.
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа бағамы +0,02 теңгені, сауда көлемі 203 000 мың теңгені құрады;
- EURKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;
- EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.