17:24, 22 Қыркүйек 2023 | GMT +5
KASE күндізгі сессиясы: Доллар 84 тиынға арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 0,84 тиынға төмендеп, 1 доллар 475, 25 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 475,96 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 475,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 478 теңге. Ал Астана қаласында сату бағасы – 474 теңге болса, сатып алу – 478 теңге.
Ресей рублі Алматыда – 4,81 – 5,01 теңге, Астанада 4,82 – 4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр.