KASE сарапшысы Қазақстан қор нарығы неліктен баяу басталатынын түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор нарығының неліктен баяу басталғаны, «қызыл директорлар» деген кім екендігі және Азаматтық кодекстің қор нарығымен байланысы туралы KASE қор биржасының 25 жылдығына орай Алматыда өткізілетін дәрістер сериясының алғашқысында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Биыл Қазақстан қор биржасы (KASE) өзінің 25 жылдығын атап өтеді. 1993 жылғы 17 қарашада KASE-ден кейінгі Қазақстан банкаралық валюта биржасы (ҚБВБ) құрылды. Өзінің 25 жылдық мерейтойына орай биржа осы маңызды күнге арналған бірқатар іс-шараларды жоспарлаған. Соның бірі қаржы нарығының және қор биржасының тарихына арналған ай сайын өтетін  дәрістердің 7 циклі.

«Дәрістерді Қазақстан қаржы нарығының дамуына шешуші үлес қосқан танымал қаржыгерлер оқиды. Әрбір дәріс KASE веб-сайтында жарияланады», - деп хабарлады KASE Басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.

Алғашқы  дәрісті  қазақстандық бағалы қағаздар нарығының нормативтік базасына, банк секторын және корпоративтік басқаруды дамытуға үлес қосушы,  Бірыңғай  Құнды қағаздарды тіркеу директорлар кеңесінің төрағасы Азамат Жолдасбеков оқыды.

«Неліктен Ресей құнды  қағаздар нарығы Қазақстан нарығынан әлі күнге дейін алда? Олардың бұл нарыққа тамыры 1993 жылдан таралған болатын, содан бері біз артта қалдық. Ресей ваучерлердің көмегімен құнды қағаздар рыногын іске қосты. Осының арқасында акцияларды  сатып алды және сатты. Осы жылы дилерлер мен брокерлерден 1460 жеке тұлға және 98 заңды тұлға лицензия алды. Бірақ, іс жүзінде,бұл кісілер өз қол астындағы қызметкерлерден тегін акцияларды сатып алған  «қызыл директорлар» болатын. Жекешелендіру кезінде бұл акциялардың тегін таратылғанын барлығымыз жақсы білеміз. Содан кейін бұл «брокерлер» бақылаушы акционерлер атанып шыға келді. Осы кезді пайдаланып олар  «қор биржалары» деп аталатын кеңселер ашып алды», - деді спикер.

1991 жылдан 1994 жылға дейінгі аралықты Азамат Жолдасбеков «үйрену» кезеңі деп атады. Нарықтың дамуы үшін осы жылдар бізге ештеңе бермеді, тек дамуға жол ашылды, өйткені бізде тәжірибе жоқ болатын. 1994 жылғы наурызда Президент құнды қағаздар нарығын құру жөніндегі шаралар туралы қаулы шығарды, бұл құжат Ресей мен АҚШ тәжірибесін ескере отырып дайындалды.

«Қазір бұл нарық бар, дамып келеді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша тарихтағы ең үлкен сауда-саттық көлемі 151 трлн теңгеден асып, биржада 804 қаржы құралдары сатылып, қор нарығының жалпы капиталға айналуы шамамен 17 триллион теңгені құрады, сауда үшін қолжетімді корпоративтік қарыз көлемі - 9 трлн теңгеден асады », - деп дәрісті қорытындылады Андрей Цалюк.

Соңғы жаңалықтар